Қоғам

“Берекелі бастау – қалалық бастама” бағдарламасы туралы

“Берекелі бастау – қалалық бастама” – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Q88 урбанистер қауымдастығының ортақ жемісі. Бұл бағдарлама бұған дейін Ақтау мен Атырауда сыналыпты. Қос шаһардың тұрғындары өз қалаларын дамытуға және өзекті мәселелерін шешуге қатысты 100-ге жуық ұсыныс білдірген екен. Келесі орталық – Павлодар.

Еркебұлан Дауылбаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

– Жобаға қосылатын келесі қала ретінде Павлодар таңдалды. Ұсыныстар 8-ші сәуір мен 8-ші маусым аралығында қабылданады. Дауыс беру 11-ші маусымда басталады. Осыдан кейін жеңімпаз жобаларды жүзеге асыруға кірісу қажет.

Тұрғындар өз ұсыныстарын қалай білдіреді? Кім дауыс береді? Халық өздерінің өтініш-тілектерін “Берекелі бастама” атты онлайн платформада қалдыра алады. Кейін мәселелердің ең өзектілері таңдалады. Ол да жергілікті бұқарада арасында ұйымдастырылады. Осылайша, көп дауыс жинаған тақырып анықталып, жергілікті атқарушы органның қарауына ұсынылады.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

– Біздікі ұсыныс беру. Ал оны атқаратын – жергілікті органдар. Біз міндетті түрде қандай жоба таңдалғанын, қашан жүзеге асырылатынын және қанша қаржы жұмсалатынын жария ететін боламыз.

“Берекелі бастау – қалалық бастама” бағдарламасының біздің өңірде қашан қолға алынатыны белгісіз. Белгілісі, жоба авторлары болашақта Қазақстанның барлық шаһарын қамтуды жоспарлап отыр.

Байболат Култанов