МТРА жаңалықтары

Тұрғындарды толғандырған мәселелер тыңдалды

Бұл – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті қызметкерлерінің биылдыққа ұйымдастырып отырған үшінші жәрмеңкесі. Бұған дейін мамандар тұрғындардың жер мәселесіне және кәсіпкерлерлік саласына қатысты сұрақтарына жауап беріпті. Ал бүгін жерлестеріміз сауалдарын Әділет департаментінің өкілдеріне қоя алады. Қазіргі таңда аталған орган мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсетеді екен. Оның 10-ы электронды форматта.

Айдос Тоғызбаев, СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Мемлекет және Әділет органдарынан және нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою, атқару өндірісін қозғау, коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу және олардың құрылтай құжаттарына өзгеріс енгізу. Ағымдағы жылдан бастап осындай 300-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 82% электронды форматта.

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау. Бүгінде Әділет департаментіне қызметтің осы бір түрін алуға келетіндер көп екен. Айта кеткен жөн, бұл қызмет тек борышкерлерге көрсетіледі.

Айдос Тоғызбаев, СҚО Әділет департаментінің басшысы:

– Борышкерлер уақыт сұрап жүгінеді. Ал сот орындаушыларына 2 ай мерзімдік уақыт беріледі. Олар бізге келгеннен кейін біз келісімге келеміз. Осылайша, кесте бекітіп, қарыздарын төлеуге заң аясында көмек көрсетіледі.

Әділет департаментінің мамандары қызмет жәрмеңкесінен бөлек, ашық есік күнін де тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Алдияр Айтпаев