Ауыл шаруашылығы

Тимирязев ауданындағы малдардан инфекциялық ринотрахеит анықталды

Кешегі болжам расталды! Бүгін Тимирязев ауданындағы фермердің малы белгісіз жолмен таралған инфекциялық ринотрахеит салдарынан қырылғаны анықталды.

Бұл туралы облыстық ветеринАрия басқармасының басшысы Берік Әлжанов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, таяуда Тимирязев ауданының тұрғыны төрт аяқтылары өліп жатқандығы жайлы әлеуметтік желіде дабыл қаққан болатын. Шаруа небәрі 3-4 күннің ішінде 15 бас үй жануарынан айырылыпты. Өңірдің бас ветеринарының сөзінше, бүгінде 100-ден астам тұяқты ұсталатын қожалықтағы жағдай тұрақты. Дегенмен, тиісті шектеу шаралары енгізілген.

Берік Әлжанов, СҚО ветеринария басқармасының басшысы

– Заңнамаға сәйкес, осы шаруашылыққа шектеу шаралары енгізілді. Шектеу барысында малдарға инфекцияға қарсы екпе салынады. 30 күн қожалықтағы малдардың өнімін сатуға тыйым салынады. Айта кетейін, бұл ауру адамдарға қауіпті емес.

Дана Ешкенова