Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады

Петропавл жылу электр орталығына қатысты мәселенің шешілуі Энергетика министрлігінің қадағалауында болады. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Болат Ақшолақовты қабылдады.

Кездесу барысында Министр еліміздің отын-энергетика кешенін дамытудың негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, Каспий құбыр консорциумында қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шаралар жөнінде есеп берді. Сонымен қатар, газ саласын дамытудың кешенді жоспары жайлы баяндады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздегі жылу энергетикалық нысандарда апаттардың жиілеп кетуін тілге тиек етіп, соның ішінде Петропавлдағы екінші ЖЭО-дағы жағдайға ерекше тоқталды және Министрге аталған мәселемен айналысуды тапсырды.

Бердимурат Баймухан