Білім

Петропавлда “WorldSkills Kazakhstan” чемпионатының өңірлік кезеңі өтіп жатыр

Жұрнаш Нұрбек – М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 2-ші курс студенті. 17 жастағы жігіт ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша білім алып жүр. “WorldSkills Kazakhstan” чемпионатының өңірлік кезеңі IT бағытында болғандықтан, ол өз білімін сынап көруді шешкен. Студент 2 модульден тұратын “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” бағыты бойынша сынға түсуде. 1-ші кезеңде қатысушылар тең рангілі желі арқылы 3 компьютерді қосулары қажет.

Жұрнаш Нұрбек, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

– Қазір мен 1 модульдің тапсырмаларын орындадым. Енді келесі кезеңге дайындалудамын. Басты мақсатым – жоғары нәтиже көрсету. Болашақта жұмысқа тұрардың алдында осы чемпионатта алаған тәжірибені жұмыста қолдана аламын.

“Графикалық дизайн”, “Web-технологиялар”, “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” мен “Мобильді қосымшаларды әзірлеу”. “WorldSkills Kazakhstan” чемпионаты дәл осы 4 бағыт бойынша өтіп жатыр. Білім бәйгесі осымен 7-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Талап бойынша сайысқа тек колледждердің 15 пен 21 жас аралығындағы студенттері қатыса алады.

Алтынай Жанбекова, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі директорының орынбасары:

– “WorldSkills Kazakhstan” чемпионатының басты мақсаты – жас мамандардың біліктіліктерін арттыру. 01:41 Жалпы, біздің колледжіміз бұл білім бәйгесіне 2015 жылдан бері қатысуда. Өкен жылы “Графикалық дизайн” құзыреттілігі бойынша біздің студентіміз 1-ші орын алған болатын.

Биылғы жарысқа қаладағы 5 колледжден 32 жас қатысуға ниет танытқан. Студенттерге тапсырманы орындау үшін 5 сағаттай уақыт беріледі. Білім додасының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары бүгін анықталады. Үздік атанғандары республикалық және халықаралық жарыстарда бақ сынайды.

Дана Ешкенова