Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл 2-ЖЭО-дағы жағдайды ретке келтіру үшін арнайы жоспар әзірленді

Петропавлдағы екінші жылу электр орталығындағы апаттың салдарын жою және келесі қысқы кезеңді қиындықсыз өткеру үшін арнайы жоспар әзірленді.

Бұл жайлы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Үкіметтен жіберілген сарапшылар тобымен және жергілікті сала өкілдерімен жүздесуі барысында айтылды. Жиында өңір жетекшісі жауапты мамандарды жоспарланған тиісті шаруаны тез арада қолға алуға шақырды.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Әзірленген арнайы жоспар ауқымды шаруаны қамтиды. Жұмыстар тізіміне жылу қазандықтарын, газ жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және үшінші мұржаны тұрғызу кіреді. Бұл істі тындыру үшін Үкіметтен сарапшылар тобын жіберуді сұрадық. Сіздер кешеден бері осы жерде жұмыс істеп, жағдаймен танысып жатырсыздар. Бізге тез арада шаруаға кірісу қажет. Бұл мәселе ел Президенті мен Үкіметтің жіті бақылауында.

Бердимурат Баймухан