МТРА жаңалықтары

ҚР Ұлттық ұлан академиясының маңында қызметкерге оқ тиді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының әскери атыс алаңында жүрген жұмысшы жарақат алды. Оқыс оқиға курсанттардың АК-74 автоматынан оқ ату тәжірибесі кезінде болды. Әскери оқу орнының баспасөз қызметі хабарлағандай жұмысшы құм қазу жұмыстарын академия басшылығымен келіспей жүргізген екен.

Сол себепті, ол жерде қоршау посттары мен орталық басқару пунктінен бақылау болмапты. Зардап шеккен қызметкер 1980 жылы туған. Оқ ер адамның сол жақ жанбасына тиген. Оқыс оқиғадан кейін азамат бірден ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр. Қазіргі күні полицейлер аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізуде және баллистикалық сараптама жасайды.

Бердимурат Баймухан