МТРА жаңалықтары

Жыл басталғалы өңірде интернет-алаяқтықтың 214 фактісі тіркелген

Жыл басталғалы өңірде интернет-алаяқтықтың 214 фактісі тіркелген. Соның ішінде ылмыстық өндірістің 50 эпизоды бір ғана адамға, яғни Алматы қаласының тұрғынына қатысты болған. Негізінен оңай ақша табуды көздегендер сатып алған тауар үшін ақшаны алдын ала жіберуді талап етеді. Сома шотқа түскен соң, ізім-ғайым жоқ болады. Тағы пысықайлар банк қызметкерлерінің атын жамылып, қоңырау шалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жеке деректерді құпияда ұстау қажет дейді полицейлер.

Бердимурат Баймухан