МТРА жаңалықтары

Тимирязев ауданында ірі қара қырылып жатыр

Тимирязев ауданының фермері дабыл қағуда. Кәсіпкердің сөзінше ірі қара арасында белгісіз дерт жайылған. Сиырлардың алдымен дене температурасы көтеріліп, тәбеті бұзылған көрінеді. Ал 3-4 күннен кейін төртаяқтылар қырылып қалған. Бүгінге дейін шаруа 15 малынан айырылды. Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті мамандары ірі қараға тараған ауру ринотрахеит болуы мүмкін деп болжап отыр. Жергілікті мамандар қазір мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

Берік Әлжанов, СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Осы жағдай бойынша өткен аптада шаруашылықта эпизоотиялық тексеріс жүргіздік. Патологиялық материалдар республикалық зертханаға жіберілді. Нәтижесі бойынша қандай ауру екенін анықтағаннан кейін тиісті шаралар қолданамыз.

Бердимурат Баймухан