ТЖ

Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы көпқабатты үйден шыққан от ауыздықталды

Петропавлда сенбі күні 9 қабатты үйден 90-ға жуық адам эвакуцияланды. Оқиға кешкі 8 кезінде Уәлиханов көшесінде болған. Тұрғындардың айтуынша 23-ші үйдің алтыншы қабатын қара түтін басқан. Қауіпсіз жерге шығарылғандардың 25-і – бала. Отты ауыздықтауға 17 құтқарушы мен 6 техника жұмылдырылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Олжас Жүніс, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:

– Өрт подъездегі электрқалқандағы сымдардың тұйықталуынан тұтанды. Кейін қабырғаны бойлап, еденді жайлаған. Оттан 2 шаршы метр жерге зақым келді. Өрт туралы уақытында хабарланғандықтан оның одан әрі жайылып кетуіне жол берілмеді.

Магжан Ахмадина