Ауа райы

Күн райы сәуір айында қандай болмақ?

Күн райына кезек берейік. “Сәуір болмай, тәуір болмас” дегендей биылғы көкек айы Солтүстік Қазақстан облысында қандай болмақ?

Синоптик мамандардың сөзінше сәуірдегі орташа ауа температурасы 5 пен 7 градус жылылықты көрсетеді. Бұл жылдағы нормадан 2 градусқа жоғары. Енді әр онкүндікке жеке-жеке тоқталсақ. Сәуір айының алғашқы онкүндігі солтүстікқазақстандықтар үшін жайма-шуақ күндермен есте қалмақ. Екінші онкүндіктің басында да күн райы оң қабақ танытпақ. Ал айдың ортасына қарай күн қайта суытады. Тіпті, түнгі уақытта сынап бағанасы -7 градусқа дейін төмендейді. Кейін онкүдіктің соңына қарай ауа температурасы тағы жоғарылайды дейді синоптиктер.

Гүлзат Ғазизова, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде 4-9 градус жылыдан, солтүстікте 1 градус жылыдан 3 градус аяз 2 жылыға, облыстың оңтүстік-батысында 5 градус жылыға дейін, күндіз 18-23 градус жылыдан, солтүстікке 15 градус жылыдан 11-16 градус жылыға дейін ауытқуы болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында күтіледі.

Дана Ешкенова