МТРА жаңалықтары

Қалалық учаскелік полицейлер жатақханада рейд өткізді

Петропавлдық учаскелік полицейлер Н.Назарбаев көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде рейд өткізді. Себебі, мұндағы тұрғындардан 102 нөміріне тыныштықты бұзу жайында жиі шағым келіп түседі екен.Тәртіп сақшылары әр бөлмеге кіріп, азаматтармен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Рейд барысында тәртіп сақшыларына арақтан ұрттап, кейін белгісіз біреулермен төбелескен адам кездесті. Нәтижесінде бірнеше бұзақы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қанат Жұмабаев – қалалық ПБ бірінші полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

– Учаскелік инспекторлармен демалыс және мерекелері күндері Полиция басқармасының есебінде тұрған тұлғалар тексеріледі. Онда маскүнем адамдар жиналатын жатақханалар тексеріледі және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Құқық бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл жұмыс учаскелік полиция инспекторларының жеке бақылауына алынған.

Департамент есебіне алынған жандар мен бұрын сотты болған азаматтар – үнемі учаскелік полицейлердің бақылауында. Жыл басынан бері қалалық басқарма мамандары 18 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық фактісін тіркеген.

Эльмира Садвокасова