Қылмыс

Петропавлда есірткі саудалаған 21 жастағы қыз ұсталды

Тәртіп сақшыларының қолына түскен жан 2018 жылдан бері наркологиялық есепте тұр екен. Сонымен қатар, түрлі себептермен бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып істі болған. Жақында ол тағы да полицейлердің назарына ілікті.

21 жастағы бойжеткен осыдан 2 ай бұрын есірткі сатты деген күдікпен ұсталыпты. Оның қалтасынан «тұз» деп аталатын психотроптық зат салынған 8 полимерлік түйіншек табылған.

Бауыржан Әбділманов, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Алынған заттың салмағы – 4,81 грамм. Бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша cотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қолға түскен нәзікжанды еліткіш заттарды интернет-дүкен арқылы саудалаған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, жал басынан бері өңір полицейлері есірткі саудалаудың 14 фактісін тіркеген. Заңсыз айналымнан 16 келіден астам түрлі еліткіш зат тәркіленіп алынған.

Бердимурат Баймухан