МТРА жаңалықтары

Облыста алимент төлемей жүрген 44 адам қолға түсті

Баласының ақысын төлемей немесе мемлекет пен банк алдындағы қарызын өтеуден жалтарып жүрген жандарды сот орындаушылары полицейлерге тапсырады. Тәртіп сақшылары өз кезегінде осылай үй-үйлерді аралап, борышкер жиі болатын орындарды тексереді.

Айта кетейік, осы аптада көші-қон қызметінің мамандары борышкерлерді іздеу бойынша 3 күндік акция өткізді. Шара барысында жауапкершіліктен қашып жүрген 18 адам қолға түсті. Олардың 10-ы – алимент төлемегендер. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 100-ге жуық адам іздеуде болған. Бүгінге дейін заңға бағынбағандардың жартысына жуығы табылды.

Бердимурат Баймухан