Спорт

Петропавлда көркем гимнастикадан ашық облыстық турнир өтті

Жаннұр Жамбыл көркем гимнастикамен 5 жыл шұғылданады.
Бұл спорт түрімен айналысуды мектептегі секциядан бастаған екен. Ерекше қабілетін байқаған бапкері бұнымен кәсіби түрде айналысуға кеңес берген.

Жаннұр Жамбыл, жарысқа қатысушы:

Бұрын жүлделі орын алып жүретінмін. Бүгін қобалжып тұрмын. Жақсы нәтиже көрсетемін деп ойлаймын. Болашақта биік шыңдардан көрінгім келеді.

Жарыстың бәсекелестік атмосферасы сезіліп тұр. Мында қатысушылар дайындықтарын пысықтап жатыр.

Мария Понкратова, жарысқа қатысушы:

Көркем гимнастикамен 6 жыл айналысамын. Бүгінгі сайыста бапкерім жақсы нәтиже көрсеттің деді. Алайда, әлі де шыңдала түсуім керек.

Турнирге 180-нен астам жеткіншек қатысты. Олардың арасында спорт шеберлері де бар. Бүгін 6-уы бұл атаққа лайықты екендігін дәлелдеді. Екі күнге жалғасқан турнирде нәзікжандылар жеке және топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетті.

Людмила Ленцикова, облыстың көркем гимнастикадан аға жаттықтырушысы:

– Биыл жарыс ережелері өзгерді. Төрешілер саны көбейді. Кейбіреулері спортшының техникасын бағаласа, ал басқалары іс-қимылдың орындалуын бағалайды.

Жарыс соңында үздік гимнастшылар бірнеше категория бойынша анықталды. Үздік үштікке енгендер алдағы уақытта республикалық деңгейде өтетін сайыстарға қатысады.