Қоғам

“AMANAT” партиясының жергілікті өкілдері ауылдарды аралап жүр

Халық базынасы – “AMANAT” партиясының басты назарында. Саяси ұйымның облыстық филиалына қарасты мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері елді мекендерді аралап жүр. Алдымен өкілдер Аққайың ауданына қарасты Трудовое, Кенжеғалы және Ивановка ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұндағы ағайынды таза ауызсу, жол мен жарықтандыру мәселесі алаңдатады. Жүздесу барысында бұқара тарапынан білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты да біраз сын айтылды. Өз кезегінде аманаттықтар аталған проблемаларды біртіндеп шешуге септесетіндіктерін жеткізді. Кейін партия өкілдері Қызылжар ауданына ат басын бұрып, 30-дан астам адаммен кездесті. Қызылжарлықтар су мен жолға қатысты бұйымтайларын баян етті.

Дана Ешкенова