Ерiктiлер

«Жүрек жылуы» акциясы өтті

«Жүрек жылуы». Осындай атаумен облыс орталығында акция өткізілді. Оған 10-нан астам ерікті қатысты. Олардың қатарында жастар және белсенді қарияларымыз да бар. Шара барысында еріктілер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен бауырсақ таратты. Бұл жандар күн-түн демей, аптап ыстық пен сарышұнақ аязда қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етеді. Осындай игі іс арқылы белсенділер еңбеккерлерге өз ризашылығын білдірмек болған.

Кристина Масленникова, ерікті:

– Коммуналдық қызметкерлер үшін бұл күтпеген жайт болды. Олар таңданысын жасырмады. Әрине, жұмыстары өте ауыр. Сондықтан, мереке қарсаңында біз қызметкерлерді шамалы болсын, қуантып, өз алғысымызды білдіргіміз келді.

Эльмира Садвокасова