Бизнес және экономика

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – басты назарда

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 11 іскер жанның құқығын қорғаған. Нәтижесінде 9 қадағалау актісі енгізіліп, 2 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жергілікті прокуратура қызметкерлері бизнес субъектілеріне жүргізілген 5 тексерістің негізсіз екенін анықтап, заңсыз әрекет еткен қызметкерлерді жауапқа тартты. Ал өткен жылдың 12 айында мобильдік топтарға кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы 79 шағым келіп түскен екен. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында 24 қадағалау актісі енгізілді. 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 6 заңсыз тексерудің күші жойылды, жоспарланған тағы 7 тексеріс заңсыз деп танылды. Нәтижесінде 3 мың 600-ден астам бизнес өкілінің құқығы қорғалды.

Қазыбек Ғалымжан, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры

– 2021 жылы 12 қоғамдық кеңес өткізілді. 16 проблемалық мәселе қаралды, олардың барлығы шешілді. Облыс прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасайды және бизнес субъектілерінен келіп түскен сигналдарға жедел ден қояды.

Бердимурат Баймухан