Ауа райы

Наурыз айында ауа райы қандай болмақ?

Наурызда орташа айлық температура -5-7 градус болады деп күтілуде. Бұл нормадан 1-2 градусқа жоғары, деп хабарлайды синоптиктер.

“Қазгидромет” өкілдерінің сөзінше, екінші онкүндікте қыстағы ауа райы сақталады. Яғни, облыс аумағында кәдімгі сарышұнақ аяз тұрып, өткір жел соғады. Ал айдың соңына таман аққайыңдар өлкесіне көптен күткен көктем келеді. Бұл кезеңде сынап бағанасы күндіз +9 градусқа дейін көтерілмек. Болжамға сүйенсек, өңірімізде түсетін жауын-шашын мөлшері айлық нормадан көп болады. Бұл ретте айта кетейік, норма – 12-19 мм.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” РМК СҚОФ бөлім басшысы:

– Екінші онкүндіктің ортасында және соңында қар жауады. Жауын-шашын үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Секундына 15-20 метрге жететін жел ай бойы соғады. Тағы, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Гүлден Симбаева