Ауыл шаруашылығыБизнес және экономика

Ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталатын қаржы көлемі артуда

Өңір шаруалары 19 млрд теңгенің несиесін рәсімдеген. Ұлттық банк өкілдерінің хабарлауынша, жыл сайын ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін қаржы көлемі артуда. Өткен жылы осы салаға берілген займ көлемі 226 млрд теңгеге жуық бола, биыл бұл сома 332 млрд теңгеден асқан. Қаржының басым бөлігі ұлттық валютамен берілген. Ең көп несие алғандар арасында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Магжан Ахмадина