Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіне 6 сұрақ шығарылды. Алдымен Мамлют ауданындағы жергілікті атқарушы органдарда қызмет ету тәртібін нығайту турасында сөз қозғалды. Аудан әкімі Владислав Лукин сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіретін теріс қылықтардың алдын алу шараларын да айтты. Кейін жиында мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен және тәртіптік іс бойынша босатылғандарды тіркеу мәселесі көтерілді. Өткен жылы жергілікті атқарушы билікте жұмыс істейтін 12 маман есепке алыныпты. Олардың 3-еуі лауазымдарынан босатылған. Ал 5 адамға қатысты жазаның күші жойылған.
Эльмира Садвокасова