Билік

Мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған жиын өтті

Бүгінде өңірде 100-ден астам ұлт өкілі бар. Әрқайсысы түрлі салада еңбек ету арқылы елдің дамуына өзіндік үлесін қосып жатыр. Қазіргі таңда облыста мемлекеттік қызметте 22 этносқа жататын 4 мыңға жуық азамат еңбек етуде. Салаға мамандар жетіспейді. Әлі 300-ге тарта қызметкер қажет екен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында жастармен жүздесіп, аталған салаға жұмысқа тұруға шақырды. Оларға қойылатын талаптарды түсіндіріп, бос орындарды қайдан қарастыруға болатынын айтты. Жиынға Қозыбаев университетінің студенттері мен жоғары білімі болса да жұмыссыз жүрген жандар қатысты.

Еркін Жақсылықов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

Бұл жиынды түрлі ұлт өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Қазіргі таңда бас мамандарға бір ғана талап қойылады. Қолында жоғары оқу орнының дипломы болуы шарт. Ал колледж тәмамдағандар жетекші маман ретінде жұмысқа орналаса алады. Бос орындармен жастардың инстаграм желісінде PRO_QYZMET_SKO парақшасында танысуға мүмкіндіктері бар.

Алдияр Айтпаев