Құрылыс

Мамлютка қаласында 226 адам пәтер кезегінде тұр

Өткен ғасырдың ортасында салынған екі қабатты үйлердің арасында орналасқан мына нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталыпты. Қызыл кірпіштен қаланған баспанада жоспарланған жұмыс бүгіндері 95 пайызға тындырылған. Қазір тек шамалы ғана шаруа қалған.

Ербол Бөгенбаев, мердігер серіктестік директорының орынбасары:

Бізде 70 адам жұмыс жасады. Жалпы, құрылыс жұмыстарына 375 млн теңге жұмсалды. Біз жергілікті тұрғындарды да жұмысқа тарттық. Үй 2 қабатты. 30 пәтер бар. Оның 14-і – 1 бөлмелі, 10-ы – 2 бөлмелі, ал 6-уы – 3 бөлмелі.

Пәтерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға беріледі. Баспананы наурыз айының соңында тапсыру жоспарланып отыр. 5 подъезден тұратын үйге өңірге келген мәжілісмен Дмитрий Колода ат басын бұрды. Баспананы аралаған халық қалаулысы пәтерлердің кең әрі жарық екіндігін атап өтті. Тағы мұндағы ас бөлмелер студия стилінде жасалынған.

Жарық, су және жылу орталықтандырылған жүйеге қосылған. Серіктестік аббаттандыру жұмыстарын да өздері жүргізіпті. Кіреберіс жолға асфальт төселіп, балалар алаңқайы мен әткеншектер орнатылған.

Магжан Ахмадина