Билік

Ветеринария инспекциясының мамандары өткен жылды қорытындылады

Ветеринария инспекциясының мамандары өткен жылды қорытындылады. Айтуларынша былтыр облысымызда 58 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Яғни, тұрғындар 41 мың «ветеринариялық анықтама» алған. Қалған қызмет түрі «ветеринариялық паспорт беру» бойынша көрсетілген. Алғашқы аталғанын алу үшін жерлестеріміз орталыққа өтініш тастаулары қажет екен. Сонымен қатар, адамның жеке басын куаландыратын құжат керек. Ал ветеринарлық паспортты алу үшін жергілікті маманға жүгіну қажет. Құжаттар тегін беріледі. Бұл қызметтердің барлығын онлайн түрде жасауға болар еді, бірақ оған арналған техникалық мүмкіндіктер әлі жасалмай тұр дейді Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясының директоры Ербол Бәтенов.

Ербол Бәтенов, Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясының директоры:

Анықтама бір күнде, паспорт 3 күнде беріледі. Қызметтер тек қағаз жүзінде ғана беріліп жатыр.

Бердимурат Баймухан