Құқық қорғау органдары

Оқушыларға кинологиялық орталықта экскурсия ұйымдастырылды

Кинологиялық орталықта барлығы 49 қызметтік ит бапталады. Төбеттер жарылғыш заттарды ғана емес, есірткіні және із-түссіз жоғалған адамдарды іздейді. Экскурсияға келген балаларға төртаяқты көмекшілердің қатысуымен қандайқандай қылмыстардың жолы кесілгендігі жайлы баяндалды.
Балаларға қызметтік иттердің жасырылған затты қалай іздегені қызықты болды. Белла есімді лабрадор тасаға тығылған нашаны бірден тауып алды. Бұл иттің қызметтегі негізгі міндеті – қылмыскер жасырған есірткіні іздеп табу.

Зарина Попова, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Бүгінгі шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлыққа жол бермеу. Экскурсия барысында кинологтар мен олардың төрт аяқты серіктерінің қызметі көрсетілді.

Жалпы, ағымдағы жылы облыста кинологиялық орталықта бапталатын иісшіл иттерінің көмегімен 40-тан астам қылмыстың беті ашылған.

Дана Ешкенова