Көлік және жолдар

Елімізде утильдік алым мөлшерлемесі 2 есеге азаяды

Темір тұлпар тізгіндеймін дегендер үшін жағымды жаңалық. Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған утильдік алым мөлшерлемесі 2 есеге азаяды. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Еске сала кетейік, утилизациялық алым АЕК мөлшері мен қозғалтқыштың көлеміне байланысты есептеледі. Осылайша жеңіл көліктер үшін максималды көрсеткіш – 1,7 млн-ды, ал жүк машиналарына 3 млн теңгені құрамақ.