Қылмыс

Ұлттық превентивті механизм ұйымы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4 мыңнан астам адам арнайы мекемелерге жіберілген. Оның 3 мың 600-ге жуығы – әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар. Ұсталған азаматтардың құқығының тапталмауы жайлы облыстық полиция департаментінде өткен жиында айтылды. Жиында ұлттық превентивті механизм ұйымының өкілдері де бой көрсетті.

Құқыққорғаушылар уақытша ұстау изоляторы мен арнайы қабылдау орындарын қарады. Ондағы тамақтандыру сапасы, материалдық-тұрмыстық жағдай мен медициналық қызмет көрсету де басты назарда. Мәселен, кезекшіде дәріханашық болуы қажет. Оның ішіндегі дәрі-дәрмек тиісті талаптарға сай келуі керек дейді жиынға қатысушылар.

Ринат Алшынбаев, СҚО ПД аға инспекторы:

Облыстық полиция департаментінде 14 арнайы мекеме бар. Оның 12-сі – уақытша ұстау изоляторы, 1- қабылдауыш-таратушы және 1 арнайы қабылдайтын орын. Өткен жылы өңірде ұлттық превентивті механизм өкілдері 6 мекемені, яғни аудандардағы уақытша ұстау изоляторларын тексеріп шықты.


Бердимурат Баймухан