Денсаулық сақтау

Өңірде 300-ден астам адам коронавирусқа қарсы ем қабылдауда

Пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырудың 1 млн 299 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Соның 43 мыңнан астамы аққайыңдар өлкесінде анықталыпты. Оның 8 мың 200-і ғана сиптомсыз. Қалғандарында аурудың анық белгілері байқалған. Бүгінде өлкедегі ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Бұған стационарлардағы жүктеменің азаюы дәлел. Өткен аптада стационарларда 370-ке тарта науқас емделсе, қазіргі уақытта 302 адам жатыр.

Екатерина Царёва, №3 қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері:

Біздің ауруханада пандемия басталғалы 4 мыңнан астам адам емделіп шықты. Бүгінгі таңда стационарда 47 жан – дәрігердің бақылауында. Соның 6-уы жансақтау бөлімшесінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Ал 5 теріскейлік өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Маманның сөзінше, науқастардың басым бөлігі вакциналанбаған. Соның салдарынан пациенттердің кейбірі жансақтау бөлімшесіне түсіп, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылады. Оған қоса, егде жастағы жандарда созылмалы дерттері болады. Бұл жағдайды одан әрі қиындата түседі екен.

Екатерина Царёва, №3 қалалық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінің дәрігері
:

Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі жолы – вакцина алу мен ревакцинация. Себебі, екпеден бөлініп шы­ғатын антиденелер қауіпті вирус­пен бетпе-бет кездескенде ауру­дың жеңіл өтуіне ықпал етеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 282 мың жерлесіміз вакцинаның толық курсынан өткен. Бұл екпе алуға рұқсат берілген халықтың 86 пайызын құрайды. Сондай-ақ, 86 мыңнан астам теріскейлік ревакцинацияланған.

Дана Ешкенова