Көлік және жолдар

Ер адам жол жиегінде тұрған машиналарды соқты

Бүгін Петропавлда түнгі бір жарым кезінде Жамбыл Жабаев пен Пионер көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. «ВАЗ» маркалы жеңіл көлікті тізгіндеген 55 жастағы ер адам жол жиегінде тұрған “Lexus” пен “Honda” автокөліктерін соқты. Оқыс оқиғаның не себепті орын алғаны, әзірге, белгісіз. Қазір аталған фактіге қатысты материал жиналып жатыр. Рөлге ие бола алмаған азамат жеңіл жарақат алып, ауруханаға түсіпті. Ал машинасы прцесуалдық шешім шыққанша дейін арнайы тұраққа қойылған.

Бердимурат Баймухан