Экология

Браконьерлерге жаза қатаңдатылды

Байболат Бектемірұлы, тілші:

– Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға”,- деп атақты Абай атамыз жырлап кетті. Ұлы тұлғаның осы туындысындағы аңшылық қазіргімен қаншалықты ұқсас? Иә, жер мен көктей айырмашылық бар. Кешегі бабаларымыз желдей жүйрік жылқымен, қырық сегіз таспа қамшымен қасқыр алса, бүгінгілер қымбат қарумен бірнеше шақырымдағы жануарды шалқасынан түсіріп шаттанады. Құмай тазы, қыран құс та ұстайтындар шамалы. Естімеген елде көп. Қазір соңғысының орнын мынандай коптерлер басқан.

Коптер болса, көк тер болмайсың. Ызыңдаған сымсыз аппарат санаулы минутта сайын даланы шарлап, барлығын барлап, жүгірген аңды, ұшқан құсты алдыңа әкеледі. Яғни, қолыңдағы экраннан көрсетеді. Ендігі міндет – мініп шыққан көлікке қамшы басу. Бірақ, қазіргілердің біразы тұлпар емес, техника тізгіндейді. Аппақ қарда зымыранша зуылдайтын мұндай дүние қашқанды оңайлықпен жібермейді. Мысалға мына видеоны ұсынамыз. Түз тағысы сай-сайды бойлап құтылуға тырысуда. Алайда, ұзай алмады, жарты жолда кісі қолынан ажал құшты.

Ал мына жігіт – нағыз азамат! Ол көлігінің артынан шығарып жатқан қысқырды кішкентай күнінен асырапты. Бүгін өзінің мекеніне – қоршаған ортаға жіберіп отыр.

Төрт аяқты бір сәт те ойланып тұрмады. Жаны жайсаң жігітке “сау бол” деген сыңаймен жан-жағына қарап, тал арасынан еніп кетті. Енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне көшейік. Қазіргі қоғамда аң атуға түпкілікті болмайды емес, болады. Табиғат аясында бос уақыт өткізу үшін бірінші кезекте рұқсат құжатын алу қажет. Екіншіден, ұстаған қаруыңа да міндетті түрде куәлік керек. Үшіншіден, аңшылық уақытын ескерген жөн. Өкінішке қарай, арамызда жіпке тізілгеннің барлығына пысқыра қарайтындар бар.

Олег Беспалов, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

Ақпанның 15-і күні өңірімізде тура 1 жылға созылған аңшылық маусымы аяқталды. Осы уақыт ішінде облыс аумағында 210-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңның ала жібін аттағандар жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 19 өрескел бұзушылық тіркелді. Браконьерлер 20-ға жуық елік, 2 марал, 2 қабан және 1 аққу атып алған. Табиғатқа келген шығын 35 млн теңгеден асып жығылады. Бүгінге дейін 15 млн-ға тарта ақша өндіріліп алынды. Бірнеше мәрте заңсыз аңшылық жасағандардың кейбірі темір торға да тоғытылды.

Сотталғандар енді алдағы 3 жылдарын тар қапаста өткізбек. Су жаңа статистикамен бөлісеміз. Жыл басталғалы екі ай өткен жоқ, өңірімізде екі бірдей заңсыз аңшылық фактісі анықталып үлгерді. Біріншісі басқа-басқа емес, Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тіркелді. Қызылжар ауданындағы Жалтыр көлінің жағасында бес қаруын сайлаған үшеу бұлан атып алған. Күдіктілерден қарда жүргіш көліктер, қос ұңғылы «ИЖ» мылтығы және жануардың мүшелері тәркіленді.

Олег Беспалов, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

Ал соңғы жағдай өткен демалыс күні ғана Тимирязев ауданында тіркелді. Мұнда бірнеше адам заңсыз жолмен 2 марал атып алған. Осы орайда браконьерлерге салынатын айыппұл мәселесіне ерекше тоқталғым келіп тұр. Ағымдағы жылы бұл бағытта бірқатар өзгеріс орын алды. Бұрын аңшы заңсыз жолмен 1 бас ересек елік олжаласа, 1 млн теңгеге жуық ақша төлеуге міндеттелетін. Ал биыл елік пен қабанның жасы мен жынысына қарамай 1 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Тағы бір ескерер жайт, браконьерлер тұяқты жануарларды ерекше қорғалатын табиғи аумақта қанжығаға байласа, айыппұл көлемі 2 есеге ұлғаятын болады. Демек, сома 2 жарым млн-ға жуықтап қалады. Табиғат жанашырлары аңшыларды ермек үшін жауапқа тартылғанша, тәртіпке бағынуға шақырады.

Байболат Култанов