ТЖ

Су тасқынының алдын алу бойынша 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы іске асырылуда

Қазақстанда соңғы 5 жылда су тасқынының салдарынан 165 елді мекен зардап шеккен. Төтенше жағдай қайталанбауы үшін қазір бейінді министрлік өкілдері көктем уақытында тасқын астында қалу қаупі бар мыңнан аса ауылда тексеріс жүргізіпті. Арнайы тізімге енген елді мекендер Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды мен Қостанай облыстарында орналасқан. Атқарылған шаруаның нәтижесінде аумақтардың геологиялық және демографиялық жағдайлары анықталған. Енді жинақталған мәліметтер назарға алынып, “Су тасқынының алдын алу бойынша 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы” аясында олқылықтар жойылмақ.

Бердимурат Баймухан