Денсаулық сақтау

Санитарлық талаптардың қоғамдық орындарда сақталуы

Маска тағып, “ASHYQ” қосымшасын сканерлеу. Бұл – “DOSTYQ MАLL” сауда ойын-сауық орталығының кіреберісіндегі басты қағида. Яғни, мұнда әрбір келуші осы қарапайым ережені ескеруі тиіс. Тұрғындар талаптар толық орындалса ғана нысан ішіне кіре алады.

Қоғамық орындарда маска тағып, қолымызды антисептикпен тазалап отырамыз. Әрине, өз денсаулығымыз үшін осындай қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. Мекемелерге “ASHYQ” қосымшасы арқылы кіреміз.

– Отбасымның барлығы вакцина алған. Сақтық шараларына асқан мұқияттылықпен қараймыз. Өзіміздің және басқа жандардың денсаулығына қауіп төндіргіміз келмейді.

– Антисептик, маска тағу. Бұл өз денсаулығымызды сақтау шараларына жатады.

Сауда-ойын-сауық орталығында негізгі санитарлық талаптар аудиохабарлама ретінде жиі жарияланып тұрады. Нысанның 3-ші қабатында екпе егу қосыны да жұмыс істеп тұр. Дәрігерлердің сөзінше, мұнда күн сайын адамдар вакцина алады. Мәселен, қазір 5 азамат “Спутник-V”-дің екінші құрамын салдыртуда.

Кирилл Успенский, қалалық №1 емхананың фельдшері:

-Екпе алуға келген жан ең алдымен келісім құжатын толтырады. Кейін, салдыртқысы келетін вакцинаны таңдайды. Қазіргі таңда бізде “Спутник-V”, “Vero Cell”, “Qaz Vac” препараттары бар. Келуші иммундалған соң 30 минут бойы біздің бақылауымызда болады.

Қазіргі таңда сауда-ойын-сауық орталығына вакцина алу үшін келетін жандардың қатары сиреген. Орташа есеппен күніне қосынға 12 адам келіп, иммундаудан өтеді екен. Айта кету қажет, екпе егу пункті күндізгі 11-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істейді.

Алдияр Айтпаев