Балалар

Өңірде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” акциясы өтуде

Өңірде “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” акциясы өтуде. Ақпанның 14-і күні бастау алған іс-шарада полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесіп, жолда жүру ережелерін жіті түсіндіруде. Акция барысында 500-ден астам құқықбұзушылық та анықталды. Оның 80-нен астамы белгіленбеген жерден өтуге қатысты. Айта кетейік, “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” – ел көлеміндегі бастама. Ол ақпанның 23-ші жұлдызына дейін жалғаспақ.

Виктория Вьюшкина, қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы:

– 7-ші орта мектебі басты жолға жақын орналасқан. Балалардың арасында жол бұзушылықтардың алдын алу үшін және жалпы балалардың қатысуымен жол апаттарының алдын алу үшін біз осы мектепті тандадық.

Бердимурат Баймухан