Денсаулық сақтау

Елімізде өткен тәулікте 1300-ден астам адам коронавирус жұқтырды

Елдегі эпидахуал әлі де көңіл көншітпейді! Өткен тәулікте 1300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Індетке шалдығу көрсеткіші бойынша Алматы қаласы – көш басында. Оңтүстік астанада соңғы 24 сағат ішінде 429 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ал елордада 127 жаңа жағдай тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында науқастанған жандардың саны небәрі 10-ға кем. Бүгінгі таңда 42 мыңнан астам қазақстандық тәж вирусымен күресуде. Олардың 5 мыңнан астамы – стационарларда. Дәрігерлер 126 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Ал 97 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өкінішке қарай, кеше елімізде коронавирус пневмониясынан 4 адам қайтыс болды.

Дана Ешкенова