Білім

Елімізде 168 түлектің тест нәтижесі жойылды

11 жылдық біліміне емес, телефондарына сеніп барған 168 түлек аудиториядан қуылды.
Ал 63 оқушы маңызды сынаққа мүлдем жіберілген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 25-інен бері елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Биыл маңызды сынақ «1 тестіленуші, 2 камера және 1 компьютер» қағидасы бойынша жүргізілуде. Яғни, қос бейнебақылау камерасының назарындағы түлек тест жауаптарын еш жерден көшіре алмайды.

Руслан Емелбаев, ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

– Елімізде қысқы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге 103 мың 886 оқушы өтінім білдірген. Бүгінге дейін 69 мыңға жуық бала бағын сынап көрді. Қатысушылардың 77% тестілеуді – мемлекеттік тілде, қалғандары орыс тілінде тапсырды. Ағылшын тілінде 186 бала сынақтан өтті.

Бердимурат Баймухан