Көлік және жолдар

Петропавлда 38 жастағы ер адам жол-көлік апатынан қаза тапты

Петропавлда 38 жастағы ер адам жол-көлік апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға “Бармалей” мейрамханасы тұсындағы айналма жолда болды. Кеше түнгі 10 кезінде ВАЗ-2114 көлігі мен трактор соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі – 84-ші жылғы ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Полиция қызметкерлері қажетті сараптама тағайындап, апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Жалпы, жыл басынан өңірде 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапты, 20 адам жарақат алған.

Бердимурат Баймухан