Қылмыс

Петропавлда пәтер ұрылары ұсталды

Петропавлда пәтер ұрлығымен айналысып жүрген екі ер адам ұсталды.
Күдікті екеуді қалалық полиция басқармасының бөлім бастығының орынбасары Жасұлан Балдықов байқап қалған. Олардың кескін-келбеті іздеуде жүрген пәтер ұрыларының түріне ұқсас келген. Басында қарсылық көрсеткен қос көкшетаулық ақыры ұсталды. Қойындарында әшекей бұйымдар, ақша мен өзге де бағалы заттар болған. Бұл дүниелер сол күні үйі тоналған петропавлдыққа тиесілі екен. Бұрын сотты болған екеу көздеген олжалы үйлерге иелерінің жоқтығын пайдаланып кілт таңдау арқылы түскен.

Руслан Сыздықов, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

– Петропавлда бірнеше үйді тонаған Көкшетау қаласының 97-ші және 89-шы жылғы тұрғындары ұсталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-ші тармағы – «Ұрлық» бойынша іс қозғалды. Тағы құрықтау барысында билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін де жауапқа тартылады.

Эльмира Садвокасова