ТКШ

Тұрғындарды электр қуатының сапасы алаңдатады

Бүгін арна тілшілеріне Жамбыл Жабаев көшесі бойындағы 280-ші баспананың тұрғындары хабарласып, базыналарын жеткізді. Айтуларынша, қос қабатты үйдегі электр тоғы өте әлсіз. Тұрғындар бір уақытта бірнеше тұрмыстық техниканы қоса алмай әлек. Оған сымдар шыдас беретін емес. Жарық үзіліп қала береді екен. Айта кетейік, жақында қосқабатты үйдің қасындағы баспанада апаттық жағдай орын алып, оған электр тоғын өткізу үшін уақытша сым тартылған екен. Мәселенің бастауын тұрғындар содан көріп отыр.

Гүлнәр Усенова, қала тұрғыны:

– Кешке қарай адамдар үйлеріне келгенде жарық жиі өшіп қала береді. Техника жалғасақ болды, электр қорабындағы сымдар қызы бастайды. Кез келген уақытта от тұтанып, өрт өқиғасы орын алуы мүмкін.

 Мәселенің мән-жайын білу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жанындағы апаттық қызметке хабарластық. Мамандар тұрғындарға ақша жинап, үйдегі электр қалқаншасы мен сымдарды толығымен жаңартуға кеңес береді. Ал салынғанына 70 жыл болған қос қабатты үйде басқару ұйымы болмағандықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қиын.

Эльмира Садвокасова