Билік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында жаңа реформаларды жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Онда Президент реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялаудың аса маңызды шараларын айқындамақ.

Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады.

Магжан Ахмадина