Қылмыс

Үйінде есірткі сақтаған петропавлдық темір торға тоғытылды

Үйінде есірткі сақтаған қала тұрғыны темір торға тоғытылды! Өткен жылдың жазында петропавлдық полицейлер 34 жастағы ер адамды құрықтады. Тінту барысында одан 11 грамнан астам, яғни аса ірі көлеміндегі синтетикалық өнім тәркіленді. Сараптама жұмыстары кезінде 23 орамаға салынған ұнтақтың қатты әсер ететін мефедрон екені анықталды. Жақында күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. Ол 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Жалпы, былтыр өңірде сотқа есірткі сату фактісі бойынша 32 материал жолданған. Ал, заңсыз айналымнан алынған синтетикалық өнімнің көлемі 5 келіге жуықтайды.

Байболат Култанов