Көлік және жолдар

Петропавлда демалыс күндері 2 жол-көлік апаты болды

Демалыс күндері Петропавлда 2 жол-көлік апаты болды. Салдарынан 6 бірдей адам жарақат алды. Ақпанның 5-і күні Гашек пен Назарбаев көшелерінің қиылысында “ВАЗ” бен “Infiniti” маркалы автокөліктер соқтығысып қалды. Қос жүргізуші де түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Тиісті көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберіліпті. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 2 азамат та сау болған. Қазір апаттың мән-жайы анықталуда.

Ал екінші оқиға Бөкетов пен Әуезов көшелерінің қиылысында болды. Бұл жерде “Subaru Forester” мен “Mitsubishi Delica” маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материал жиналуда. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 17 жол-көлік оқиғасы болып, 26 адам жарақат алған.

Эльмира Садвокасова