Қоғам

Өңірде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 37 мың 195 теңгені құрады

Өңірде үстіміздегі жылдың қаңтар айында күнкөріс минимумы 37 мың 195 теңгені құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 32 мың теңгенің маңайында болған еді. Бұл ретте айта кету керек, әр аймақта аталған көрсеткіш әр түрлі. Айталық, ең жоғарғы деңгей Маңғыстау, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркелген. Ал ең төменгі көрсеткіш, яғни 36 мың 113 теңге Қарағанды облысында анықталыпты. Жалпы, ел бойынша айтар болсақ, күнкөріс минимумы өткен жылғыдан 12,7 пайызға көп. Биыл ол 38 мың 150 мың теңгені құрап отыр.

Эльмира Садвокасова