ТЖ

Бескөлде жер үй отқа оранды

Алдияр Айтпаев, тілші

– Мына үйде қызыл жалын осыдан 2 сағат бұрын бас көтерді. Қазір тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Баспананың шатырына зақым келген, қабырғаларының да кей жерлері бүлінген.

Қолда бар дерекке сүйенсек, бұл үй өткен жылы ғана салынған. Мұнда иелері тұрмаған. Олар баспананы ұзақ мерзімге жалға берген екен. Абырой болғанда, от шыққан кезде тұрғын жайдың ішінде ешкім болмапты. Ал тілсіз жаудың бас көтергендігін жергілікті өрт сөндіру бөліміне көршілері хабарлаған.

Еркін Жақаев, Бескөл ауылдық №13 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, Қызылжар ауданы

– Бізге хабар 14:30-да келіп түсті. 12 минут ішінде оқиға орнына жеттік. Өртті жарты сағатта ауыздықтадық. Тілсіз жаумен күреске қала және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің 17 маманы мен 6 техника жұмылдырылды.

Мамандар оқиға орнында әлі де жұмыс істеуде. Олар тілсіз жау қайта бас көтермес үшін тиісті іспен айналысып жатыр. Ал өрттің неден шыққаны алдағы уақытта белгілі болмақ.

Алдияр Айтпаев