Денсаулық сақтау

«Ауырмас үшін екпе ал!» акциясының жеңімпаздары анықталды

Сыйлыққа ие болғандардың бірі – 73 жастағы Лидия Кулева. Нәзікжанды Бурабайдағы шипажайға сертификат ұтып алған. Зейнеткер екпе алмас бұрын көп ойландым дейді. Ойын таразылай келе қытайлық вакцинаны қойдыруды жөн көрген.

Лидия Куляева:

– Басында қорқыныш болды. Бірақ, вакцина алу бұл – өзімнің ғана емес, жақындарымның да амандығы үшін қажет екендігін түсініп, екпенің бірінші компонентін салдырттым. Акция өтіп жатқандығын сонда хабарлады. Кейін жеңімпаз атанғанымды жеткізді. Қатты қуандым.

«Ауырмас үшін екпе ал!» акциясына коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет алып жатқан жандар автоматты түрде қатысады. 1-ші қалалық емханада 1 апта ішінде сондай 159 адам тіркелген. Ұтыс иелері компьютердің көмегімен анықталды.

Светлана Кашенцева, №1 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Бүгін акцияның алғашқы кезеңі өткізілді. Біз шипажайға 1 жолдама, бір 50 мың теңгенің, үш 20 мың теңгенің және төрт 10 мың теңгенің сертификаты мен стоматологиялық және гигиеналық құралдарды алуға 7 сертификат ойнаттық. Осындай сыйлықтар әр кезең жеңімпаздарына берілетін болады. Акцияны өткізуге қаражатты ақылы қызметтерден түскен ақшадан бөліп отырмыз. Оған 800 мың теңге жұмсалды.

Дәрігерлер шараның нәтижесінде екпе алуға келгендердің қатары көбейді дейді. Айта кетейік, аталмыш акция ақпан айының соңына дейін жалғасады. Жалпы, бірінші қалалық емханада бүгіндері вакцинаның 1-ші компонентін 34 мыңға жуық адам салдыртқан.

Магжан Ахмадина