Білім

Өңірде сурдоаудармашылар тапшы

Технологиялар дамыған заманда азаматтардың көбі толғандырған мәселелерін әлеуметтік желіге тастайды жоғарыдағылардың назарын аударту үшін. Бірақ, кейде екінші жақтан жауап болмай жатады. Осы ретте арадағы үзіліп қалған байланысты жандандыру үшін Азаматтық альянс пен «Қызылжар-адалдың алаңы» жобалық кеңсесі бірлесіп әрекет етуде. Ұйым өкілдері халықтан түскен сауалдарды іріктеп, әр бейсенбі сайын мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарын қатыстыра отырып өзекті деген мәселерді талқылайды.

Сәлімхан Сәбитов, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– «Қызылжар-адалдың алаңы» жобалық кеңсесі жанында «Қоғамдық бақылау картасы» бар. Сол жерге тұрғындардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олардың сұрақтары мен мәселелерін осындай кездесулерде шешу үшін ұйымдастырып отырмыз. Жыл басынан аталмыш картаға 18 өтініш түсті. Олар тек білім, денсаулық сақтау саласына ғана емес, тұрғын үйге де қатысты. Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 48 өтініш түскен болатын. Олардың барлығы осы жерде қарастырылды.

Өткен аптада диалог алаңына денсаулық сақтау басқармасының мамандары шақырылып, тұрғындардың сұрақтары қойылған. Бұл жолы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері келіп отыр. Сұрақты мүмкіндігі шектеулі нәзікжанды жолдаған. Арнайы курстардан өтсе де әлі күнге дейін жұмыс таба алмай жүрмін деген.

Гүлнәр Шаймерденова, СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Бізде арнайы «Еңбек кз» деген портал бар. Сол жерде жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған барлық бос орындар жарияланады. Ондағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. Сол жерде өзіне ұнаған жұмысты таба алады не болмаса біздің мекемеге жүгінсін. Барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп береміз.

Ал жиынға қатысқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин сурдоаудармашыларды дайындауға басымдық беру қажет дейді. Өйткені, аудандарды айтпағанда, облыс орталығының өзінде мұндай мамандардың саны саусақпен санарлық. Сондықтан болар, мүгедек жандар ешбір мекемеге бара алмайды. Өйткені, олардың ым-ишарасын түсінетін мамандар жоқ. Жалпы, бүгіндері өңірде сөйлеу қабілетінен айырылған және құлағында кемістігі бар 2 мыңнан астам адам тұрады.

Магжан Ахмадина