Қылмыс

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған жүргізуші қайта мас күйде ұсталды

Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылса да темір тұлпар тізгіндеуді доғармаған! Жақында полицейлер Ғ.Мүсірепов ауданында «Daewoo Nexia» машинасын мас күйде басқарған 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеп-тексеру жұмыстары кезінде оның өткен жылдың мамыр айында істі болғаны анықталды. Былтыр сот ішімдік ішіп, рөлге отырған теріскейліктің 2 жарым жылға бас бостандығын шектеген және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырған екен. Сөйте тұра, қайта тәртіп бұзған жүргізуші енді қатаң жазалануы мүмкін. Ол 5 жылға дейін сотталуы ықтимал. Айта кеткен жөн, 2021 жылы өңірде мұндай 57 факті тіркелген.

Эльмира Садвокасова