Қоғам

Мемлекет басшысының сұхбатына қатысты пікір

Өткен айдың соңында мемлекет басшысы қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты «Хабар 24» арнасына сұхбат берді. Онда президент басымыздан өткерген қайғылы жағдайдың себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар туралы сауалдарға жауап берген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын тыңдаған солтүстікқазақстандық қоғам өкілдері алдағы уақытта ел экономикасының тұрақталып, саяси ахуалдың бір қалыпқа түсетініне сенімді. Сонымен қатар, президент айтқандай қазақстандықтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру қажет дейді.

Гүлбақша Мұсабаева, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» ҚБ төрайымы:

– Мен жаңа Қазақстанға жаңа адамдар қажет деп ойлаймын. Яғни, жақсы жұмысын істейтін, сапалы білім алатын жастар қажет. Әркім өз ісін дұрыс атқарсын. Ауызбіршіліктен айырылмайықшы, келісімде болайық.

Зәуре Картова, Қозыбаев университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің деканы:

– Әлеуметтік жауапкершілік деген жоқ. Біздер фейктік мәліметтерге сенеміз. Оны чаттарға таратып, мәніне, мағынасына назар аудармаймыз. Меніңше, медиасауаттылықты арттыру қажет. Құқықтық және саяси санасын көтеру керек.

Эльмира Садвокасова