Балалар

17 жасқа толмаған балалар ұшақпен ел ішінде тегін ұша алады

17 жасқа толмаған балалар ұшақпен ел ішінде тегін ұша алады. Турпакет аясында сапарлаған отбасындағы балалардың билет құнын енді мемлекет өтеп береді. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі бұйрық 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлады. Онда ел ішіндегі туристік орталықтардан жолдама сатып алынған жағдайда кәмелетке толмаған жолаушыға авиабилеттерді субсидиялау туралы айтылған.

Магжан Ахмадина