Билік

Депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий жарияланды

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыра отырып, депутаттардың, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады.

Еске салайық, қаңтардың 11-і күні мәжіліс отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы «жеткілікті» екенін айтып, олардың еңбекақысын көтеруге бес жылға мораторий жариялау қажеттігін айтқан болатын. Жаңа қаулыға ақпанның 1-і күні қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл жаңалық мәжіліс депутаттарына ұнамайтынын түсінемін, бірақ мұны түсіністікпен қабылдайсыздар деген ойдамын. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын экономика мен бюджеттің мүмкіндігіне қарай көтеру керек.

Бердимурат Баймухан