Мәдениет

Ж.Самраттың “Ізденіс жылдары” атты жаңа кітабының тұсауы кесілді

Жақсыбай Самрат өмірінің тең жартысын журналистика саласына арнаған. Қағаз бен қаламды сәби кезінен жанына серік еткендіктен болар жазушылық қабілеті де шет қалмаған. Өзі 12 кітаптың авторы. Туындыларының басым бөлігі туған жер табырыбында. Ал бүгін жазушы-журналисттің жаңа еңбегінің тұсауы кесілді.

Туынды “Ізденіс жылдары” деп аталады. Мұнда Жақсыбай Самраттың мақалалары мен Елбасымен бірге жасаған сапарлары баяндалған.

Жақсыбай Самрат, жазушы-журналист:

– Кітапта өзім болған елдердің, сонымен қатар, сол елдердің әлеуметтік басқа да проблемалары жазылған. Мысалы, Грузия, Осетия, Абхазия араларында 2008 жылы болған тартыстар жайлы. Оның себептері жазылды. 01:35 Сол сияқты “Мәңгі жасыл ел – Малайзия” атты мақалам бар. Ол елде ешқашан қыс, көктем және күз болмайды. Оларда бір температура тұрады: +35 градус. Сонда біз 10 күндей болғанбыз, мақаламда сол елдің даму тарихын жаздым. Қазақстанмен байланыстар туралы айтылды. Сол сияқты Түркменстан жайлы да қызықты оқиғалар баяндалды.

Сиясы кеуіп үлгермеген кітаптың жарық көруіне облыс әкімдігі қолдау көрсеткен.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Жақсыбай Самрат ағамыздың тәуелсіз ел болып қалыптасу жолында қосқан зор еңбегі жастарға үлгі болмақ. Жақсыбай аға, сізге алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

“Таныс та бейтаныс Моңғолия”, “Тағдыры бір, талқысы ұқсас”, “Жұмыр жердегі жұмбақ ел”, “Қызығы көп қырғыз елі”. Кітапта 40-қа жуық мақала қамтылған.

“Ізденіс жылдары” кітабы 300 данамен басылып шыққан. Оқырман қауым жаңа туындыны қаладағы кітапханалардан алып оқи алады.

Дана Ешкенова